Зайсан ауданы Шығыс Қазақстан облысындағы туристер көп баратын бағыттардың біріне айналып келеді, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, келушілер саны жыл сайын өсуде.
– Аудан өзінің табиғи ерекшеліктерінің арқасында туризмді дамытуға өте қолайлы. Тек өткен жылдың өзінде ауданға шамамен 20 мың турист келді. Бізде қонақ үйлер, демалыс орындары бар, туристер үшін барлық жағдай жасалуда. Демалушылар саны жылдан жылға артып келеді, – деді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ермек Қорабаев.
Оның айтуынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында ауданға келетін қонақтар саны 4800 адамға жетеді деп күтілуде. Сонымен қатар аудан шекаралық аймақта орналасқандықтан, Зайсан қаласы мен Қытайдың Жеменей қаласы арасында тұрақты автобус қатынасы жүзеге асырылады. Жаз мезгілінде екі бағыт бойынша күніне алты рейс қатынайды, ал туристер саны 1200 адамға дейін жетеді.




