F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан AI дәуіріне қадам басты

Madina Kainarova Madina Kainarova
29.06.2026, 13:51
Билік, Жаңалықтар, ЖИ
Фото: gov.kz/Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Фото: gov.kz/Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген «Жасанды интеллект Қазақстан үшін: негіздер, мүмкіндіктер және практикалық қадамдар» атты стратегиялық семинар өтті.

Ауқымды іс-шараның негізгі мақсаты – жасанды интеллекттің қазіргі мүмкіндіктері мен оны мемлекеттік басқару, экономика және әлеуметтік салада тиімді қолдану туралы ортақ түсінік қалыптастыру, сондай-ақ басшыларды AI-трансформацияның үздік халықаралық тәжірибелерімен таныстыру.

Семинардың басты спикері – 01.AI компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жасанды интеллект жөніндегі кеңестің мүшесі, жасанды интеллект саласындағы әлемдегі ең беделді сарапшылардың бірі доктор Кай-Фу Ли болды.

Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллекттің дамуындағы жаһандық үрдістермен танысты. Атап айтқанда, үлкен тілдік модельдерден AI-агенттерге көшу үдерісі, ұйымдардың қызметіне жасанды интеллектіні енгізу тәсілдері, мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігін арттыруға арналған заманауи құралдар кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар ұлттық AI-құзыреттіліктерді дамыту, цифрлық егемендікті нығайту, инженерлік кадрларды даярлау және жасанды интеллекттің ұлттық экожүйесін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Оқу модульдерінің бірі соңғы уақытта қарқынды дамып келе жатқан Vibe Coding тәсіліне арналды. Бұл – жасанды интеллект цифрлық өнімдерді әзірлеуде толыққанды көмекші ретінде қолданылатын жаңа даму моделі. Бүгінде аталған тәсіл дәстүрлі бағдарламалау үдерістерін түбегейлі өзгертіп, цифрлық шешімдерді әзірлеуді әлдеқайда жылдам әрі қолжетімді етіп отыр.

Өз сөзінде доктор Кай-Фу Ли әлем қазіргі заманның ең ірі технологиялық өзгерістерінің біріне қадам басқанын атап өтті.

– Бүгінде әлем адамзат тарихындағы ең ауқымды технологиялық революцияның табалдырығында тұр. Біз чат-боттар дәуірінен AI-агенттер дәуіріне өтудеміз. Бұл – тек жауап генерациялайтын емес, күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындай алатын, шешім қабылдауға көмектесетін және ұйымдардың жұмысын түбегейлі өзгертуге қабілетті интеллектуалды жүйелер дәуірі. Осы технологияларды бүгіннен бастап енгізетін мемлекеттер алдағы жылдары стратегиялық басымдыққа ие болады, – деді ол.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллектіні тиімді енгізу, ең алдымен, басшылардың жаңа басқару тәсілдерін қабылдауға дайын болуына байланысты екенін атап өтті.

– Жасанды интеллектіні тек технологиялық құрал ретінде қарастыру жеткіліксіз. Басшылар ЖИ қандай міндеттерді шеше алатынын, басқару үдерістерін қалай өзгертетінін және қандай құралдарды қазірдің өзінде іс жүзінде пайдалануға болатынын нақты түсінуі қажет. Сондықтан бірінші басшыларды оқыту – еліміздің AI-трансформациясының табысты болуының негізгі шарттарының бірі, – деді Жаслан Мәдиев.

Іс-шара аясында Қазақстан мен 01.AI компаниясының бірлескен кәсіпорны – Q.AI құрылғаны туралы да жарияланды. Жаңа компания Қазақстанға бейімделген үлкен тілдік модельдерді, AI-агенттерді, корпоративтік AI-платформаларды және мемлекеттік сектор мен бизнеске арналған цифрлық трансформация шешімдерін әзірлеу және енгізумен айналысады.

Q.AI компаниясының бас директоры болып бұған дейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект вице-министрі қызметін атқарған Дмитрий Мун тағайындалды.

Сарапшылардың пікірінше, Q.AI компаниясының құрылуы ұлттық AI-экожүйесін дамыту, инженерлік құзыреттілікті нығайту және елімізде жасанды интеллекттің озық технологияларын енгізу жолындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Жалпы, стратегиялық семинардың өткізілуі және жасанды интеллект саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірімен бірлескен бастаманың іске қосылуы Қазақстанның AI-экономиканы дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының нақты көрінісі саналады.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында еліміз заманауи инфрақұрылымды қалыптастыруға, кадрлық әлеуетті дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және мемлекеттік басқару мен экономиканың барлық саласына жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуге бағытталған кешенді жұмыстарды жалғастырып келеді.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған