Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нидерландтың Амстелвен қаласында өтіп жатқан ITF W35 халықаралық турнирінің жұптық сынында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Отандасымыз бельгиялық теннисші Полина Бахмуткинамен жұп құрап, турнирдің ширек финалына жолдама алды. Алғашқы айналымда қазақстандық-бельгиялық дуэт АҚШ өкілі Габриэла Вилар мен польшалық Вероника Фальковскаядан құралған жұпты сенімді түрде жеңді. Кездесу 6:3, 6:0 есебімен аяқталды.
Енді Жібек Құламбаева мен Полина Бахмуткина жартылай финал жолдамасын сарапқа салатын кездесуде нидерландтық Джой де Зееув пен Антония Стояновқа қарсы ойнайды.
Қазақстандық теннисші халықаралық додада сәтті өнер көрсетіп, турнирдің келесі кезеңіне өту үшін күресін жалғастырады.




