«Қазгидромет» РМК күн райына байланысты ескерту жариялады. Бүгін Еліміздің 15 өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады және 40 градусқа дейін аптап ыстық болады, деп хабарлайды F16.kz.
Шығыс Қазақстан облысының түнде солтүстік және шығыс бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады.
Желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, — дейді синоптиктер.
Ал Өскеменде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болып, аптап ыстық +35 градусқа дейін жетеді.




