Биыл шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің 8 өңірінде қару-жарақтың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды F16.kz.
Нәтижесінде барлығы 31 бірлік қару, оның ішінде 4 автомат, 20 мылтық, 7 тапанша, 2 граната және 278 оқ-дәрі тәркіленген.
Жедел-тергеу амалдары әлі де жүргізіліп жатыр.
ҰҚК баспасөз қызметі бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де жалғасатынын айтады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.




