Облыс орталығында жауған нөсер жаңбырдан бірнеше көшені су басты. Әлеуметтік желіде тұрғындар суға толған жолдар мен көліктердің видеоларын жаппай жариялап жатыр. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды F16.kz.
Қала әкімінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта арнайы техника Михаэлис көшесі, Ушанов алаңы және «Детский базар» сауда үйінің алдында жүргізіліп жатыр.
Жауапты коммуналдық қызметтер жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, су басқан учаскелерді кезең-кезеңімен тазарту жұмыстарын жалғастыруда. Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген қала әкімдігінің хабарламасында.




