F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да өрт саны артқанымен, ормандағы жалын шарпыған аумақ екі еседен астам қысқарды

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
04.08.2026, 10:12
Жаңалықтар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Өрт қаупі жоғары кезеңнің өту барысы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалығымен өткен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысында қаралды, деп хабарлайды F16.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Мейрембековтің мәліметінше, өрт қаупі жоғары кезең басталғалы мемлекеттік орман қоры аумағында 49 орман өрті тіркелген.

Өрттердің саны артқанына қарамастан, тілсіз жау шарпыған жалпы аумақ небәрі 100 гектарды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге аз.

Орман өрттерінің негізгі себебі – найзағай.

Отырыста табиғи өрттерді сөндіру кезіндегі авиациялық қолдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында екі өрт ошағын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оған орман күзеті қызметкерлері мен авиация жұмылдырылған

Аптап ыстық орнап, найзағай соққанда авиациялық қолдаудың болмауы орман өрттерінің ірі көлемге таралу қаупін бірнеше есе арттырады. Сондықтан әуе техникаларын тарту туралы шешімдер барынша жедел қабылдануы тиіс. Ал оларды қаржыландыру мәселесі өртті сөндіру барысында емес, алдын ала шешілуі қажет, – деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Мейрембеков.

Өңірдегі қазіргі жедел ахуал туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рашид Блялов баяндады.

Оның айтуынша, маусым басталғалы облыста жалпы аумағы 81,6 гектарды қамтыған кемінде 47 орман өрті тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орман өрттерінің саны 2,6 есеге артқанымен, от шарпыған аумақ көлемі 2,3 еседен астам қысқарған. Бұл өрт ошақтарын ерте анықтау және оларды жедел оқшаулап, сөндіру жұмыстарының тиімділігі артқанын көрсетеді.

Сонымен қатар дала өрттерінің саны да көбейген. Маусым басынан бері осындай 66 оқиға тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 69 пайызға өскен.

Өрт қаупі әсіресе Ұлан, Самар, Зайсан және Тарбағатай аудандарында жоғары деңгейде сақталып отыр. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері аймақтың кей жерлерінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Табиғи өрттердің саны артқанына қарамастан, оларды дер кезінде анықтау мен жедел әрекет етудің арқасында тілсіз жау шарпыған аумақтарды едәуір қысқартуға мүмкіндік туды. Дегенмен өрт қаупі жоғары кезеңнің ең күрделі бөлігі әлі алда. Сондықтан барлық күштер мен құралдар жоғары дайындық режимінде жұмысын жалғастыруда, – деді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар департаментінің, орман шаруашылығы мекемелерінің және басқа да жұмылдырылған қызметтердің күштері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өрт қаупі жағдайын тұрақты бақылауда ұстау, авиациялық мониторингті күшейту, табиғи өрттердің алдын алу, оларды дер кезінде анықтау және жою мақсатында профилактикалық жұмыстар мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыру міндетін қойды.

Тегтер: төтенше жағдайШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

31.08.2026, 15:05
Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

31.08.2026, 12:11
Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

31.08.2026, 12:05
Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

31.08.2026, 11:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

31.08.2026, 15:05

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

31.08.2026, 12:11

Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

31.08.2026, 12:05

Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

31.08.2026, 11:06

Өскемендегі Согра ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы 81,3 пайызға жетті

31.08.2026, 10:22

Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды

28.08.2026, 16:00

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болды

28.08.2026, 15:33

ШҚО-да жоғары оқу орындарына түскен түлектер саны артты

28.08.2026, 14:28

Президент жаңа Құрылтай төрағасын ұсынды

28.08.2026, 12:20

Ербол Нұрғалиев ШҚО әкімінің орынбасары қызметінен кетті

28.08.2026, 11:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған