F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Кітап оқитын ұлт» марафоны 1 қыркүйекте басталады

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
18.08.2026, 09:24
Жаңалықтар
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Кітап оқитын ұлт» және «QAZAQ Creative» қорлары зиялы қауым өкілдерімен тағылымды кездесу өткізіп, 1 қыркүйекте басталатын республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонының жаңа кезеңіне дайындық барысын талқылады. Биылғы жоба 1 миллионнан астам азаматты қамтуды көздейді.

Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» марафонының басты мақсаты – азаматтарды кітап оқуға кеңінен тарту ғана емес, оқу мәдениетін қоғамның күнделікті өмір салтына айналдыру.

Жоба дәстүріне сай, ауқымды бастаманың жаңа кезеңі аға буын өкілдерінің ақ батасымен басталды. Ұйымдастырушылар зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, жобаның алдағы міндеттері мен даму бағыттарын ортаға салды.

Қазақ дәстүрінде қандай да бір үлкен істі бастарда аға буынның ақ батасын алу – тағылымы терең жол. Бұл – үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен ізгі тілегін кейінгі буынға аманат етудің бір көрінісі. Сондықтан біз «Кітап оқитын ұлт» сияқты елдің рухани дамуына бағытталған ауқымды жобаны бастар алдында зиялы қауым өкілдеріне арнайы жолығып, ақ батасын алуды жөн көрдік. Аға буынның ақ тілегі бізге үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, алдағы жұмысты абыроймен атқаруға жігер береді, – деді «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков.

Кездесуге жазушылар, ақындар, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олардың қатарында Әлібек Асқаров, Шәрбану Бейсенова, Қуандық Жиенбай, Баянғали Әлімжанов, Әбубәкір Смайыл, Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы, Бауыржан Бабажанұлы, Жанарбек Әшімжан, Мұхарбек Жәкейұлы, Ұларбек Дәлейұлы, Қанат Әбілқайыр, Батырболат Айтболатұлы, Асқар Алтай бар.

Жиын барысында жобаны жүзеге асырудың нақты тетіктері талқыланып, осы жылдың 31 наурызында өткен алдыңғы кездесуде айтылған ұсыныстардың орындалу барысы бойынша есеп берілді.

Зиялы қауым өкілдері жобаның бүгінгі нәтижелеріне жоғары баға беріп, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық сананы жаңғырту және зерделі ұлт қалыптастыру жолындағы ортақ істің маңыздылығын атап өтті.

Жазушы Әлібек Асқаров жобаға ақжолтай тілегін білдірді.

Кітап оқу – ұлттың рухани қуатын арттыратын үлкен құндылық. Осындай игі бастаманың ауқымы кеңейіп, ел көлемінде жалғасын табуына тілектеспін. «Кітап оқитын ұлт» марафонына сәттілік тілеймін. Кітапқа бет бұрған әр азаматтың ой-өрісі кеңейіп, еліміздің зерделі ұрпағы көбейе берсін, – деді жазушы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонның басты көрсеткіші – қатысушылардың саны ғана емес. Негізгі мақсат – кітапты адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырып, оқу арқылы ойлайтын, ізденетін, зерделі қоғам қалыптастыру.

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны – кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ортақ іске бірқатар маңызды серіктесті біріктіріп отырған ауқымды бастама.

Жобаны іске асыруға Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры және Yandex Qazaqstan технологиялық компаниясы «Яндекс Кітаптар» сервисімен бірлесіп қатысуда. Серіктестердің бірлескен жұмысы оқу мәдениетін ілгерілетуге, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырман мен кітап арасындағы байланыстың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағытталған.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Тегтер: кітапМәдениет және ақпарат министрлігіМемлекет
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

31.08.2026, 15:05
Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

31.08.2026, 12:11
Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

31.08.2026, 12:05
Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

31.08.2026, 11:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

31.08.2026, 15:05

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

31.08.2026, 12:11

Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

31.08.2026, 12:05

Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

31.08.2026, 11:06

Өскемендегі Согра ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы 81,3 пайызға жетті

31.08.2026, 10:22

Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды

28.08.2026, 16:00

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болды

28.08.2026, 15:33

ШҚО-да жоғары оқу орындарына түскен түлектер саны артты

28.08.2026, 14:28

Президент жаңа Құрылтай төрағасын ұсынды

28.08.2026, 12:20

Ербол Нұрғалиев ШҚО әкімінің орынбасары қызметінен кетті

28.08.2026, 11:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған