Жасанды интеллект саласындағы жаңа университет 600 студентті қабылдайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Біз жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың өзара байланысын күшейтудеміз. Бұл бағыттағы жұмыстарды «Самұрық-Қазына» қорымен бірлескен шаралар мысалында көрсетейін. Қордың портфельдік компанияларында жыл сайын шамамен 10 мың студент дуалды оқудан және өндірістік практикадан өтеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында осы форматпен 4 мың 300-ден астам студент қамтылды. Дуалды оқыту тау-кен ісі, энергетика, IT, электр техникасы, теміржол көлігі, телекоммуникациялар, цифрлық технологиялар, ресурстарды өндіру және өңдеу бағыттарын қамтиды. Оқу бағдарламаларын жұмыс берушінің талабына сәйкестендіру мақсатында оқытушылардың өндірістік тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылып жатыр, — деді С. Нұрбек.
Оның айтуынша, өткен оқу жылында 100-ден астам оқытушы өндірістік тағылымдамадан өтті. Алдағы оқу жылында тағы 100 оқытушыны кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өткізу жоспарланған.
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақ зерттеу жасанды интеллект университеті студенттерді оқытуды бастайды. Шамаман 600 білім алушы қабылданады. Бакалавариатта 400 студент, оның 308-і мемлекеттік грант иегері. Магистратура бағдарламасына 100 адам Астана Хаб, Алагеум гранттарына және ақылы оқуға қабылданады. «Самұрық-Қазына» өзінің 100 қызметкерін MBA AI+X бағдарламасында оқытады, — деді министр.




