Шығысқазақстандықтар таң атқалы құрылтай сайлауында белсенділік танытып жатыр. Сайлау учаскелерінің бірінде ұлттық құндылық пен азаматтық белсенділік үндестік тапты. Ел болашағына бейжай қарамайтын тұрғындар ұлттық нақыштағы киіммен келіп, өз таңдауын жасауда.
Ақ жаулықты әжелердің жүріс-тұрысы мен жарасымды ұлттық киімі сайлау учаскесіне ерекше сән беріп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ұлттық нақыштағы киіммен келген тұрғындар осылайша елдік таңдауға қатысып қана қоймай, атадан балаға жалғасқан салт-дәстүрдің қадірін де көрсетті. Бұл көрініс — ұлттық болмыс пен азаматтық жауапкершіліктің жарасымды үйлесімі.
Бүгінгі сайлау — әр азаматтың ел ертеңіне деген көзқарасын білдіретін маңызды күн. Ал ұлттық киіммен келген әжелердің бейнесі осы айтулы күнге айрықша мән-мағына бергендей.




