Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн суытып, үсік жүреді. Бұл туралы Қазгизромет мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік болжанады. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі, түнде 1–3 градус үсік жүреді. Өңірде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады, — делінген хабарламада.




