Оқиға 30-шы гвардия дивизиясы көшесіндегі ойын-сауық мекемесінің жанында болған, деп хабарлайды F16.kz.
«4 қазанға қараған түні мекеме келушілерінің бірі өзіне ескерту жасаған 40 жастағы ер адамға дене жарақатын салған. Жарақат салдарынан жәбірленуші қайтыс болды. Сондай-ақ күдіктінің әрекетінен мекеменің тағы бір келушісі зардап шекті», — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қаза тапқан полиция қызметкері оқиға кезінде қызметтен тыс болған. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», — деп толықтырды полиция департаменті.




