F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шығыс Қазақстанда сирек жер металдарын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құрылады

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
07.10.2026, 18:42
Жаңалықтар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін жер және өзге де стратегиялық маңызды металдарды игеруге арналған жобалық кеңсе құрылып, оның жанынан ғылыми-техникалық орталық ұйымдастырылады. Бүгін бұл бағыттағы жұмысты үйлестіру мақсатында өткен жиналысқа аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды F16.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа индустриялық саясатында сирек жер металдарын игеруге, геологиялық барлау жұмыстарын кеңейтуге, озық технологияларды тартуға және шикізатты терең өңдеуге ерекше мән беріп келеді.

Шығыс Қазақстанның бұл саладағы мүмкіндігі жоғары. Өңір тарихи тұрғыдан еліміздің негізгі тау-кен металлургия және геологиялық аймақтарының бірі саналады. Бізге геологияны, ғылымды, өндірісті, технология мен инвестицияны бір жүйеге біріктіретін нақты жұмыс тетігі қажет, — деді облыс әкімі.

Жобалық кеңсе геологиялық ақпаратты жинақтап, жүйелеп қана қоймай, әлеуеті зор жобаларды геологиялық барлаудан бастап зертханалық растау, технологиялық шешім, инвестиция тарту және өнеркәсіптік игеруге дейін сүйемелдейтін болады. Кеңсе мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін қайталамайды. Лицензиялау, мемлекеттік геологиялық бақылау, сараптама және өзге де рұқсат беру функциялары заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдардың құзыретінде қалады. Ал жобалық кеңестің негізгі міндеті — ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, қажетті материалдарды әзірлеу, бірлескен жұмысты ұйымдастыру және нақты жобалардың іске асуын жеделдету.

Кеңсе жұмысына жетекшілік ету міндеті облыс әкімінің кеңесшісі Нұрбол Нұрғалиевке жүктелді. Оның тау-кен, қатты пайдалы қазбалар саласында тәжірибесі мол.

Өңірдің ғылыми әлеуетін өндірістік міндеттермен ұштастыру мақсатында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында ғылыми-техникалық орталық құрылмақ.

Орталық жобалық кеңсенің ғылыми-технологиялық платформасына айналуы тиіс. Мұнда қолданыстағы зертханалық база, халықаралық әріптестік және ғылыми байланыстар барынша пайдаланылмақ. Ғылыми-техникалық орталық аясында гранттық қаржыландыруға өтінімдер әзірлеу, қолданбалы зерттеулер жүргізу, жаңа технологияларды сынақтан өткізу және осы салаға қажетті кадрларды даярлау бағыттары қамтылады.

Аймақ басшысы барлық бейінді басқармалар жобалық кеңсе жұмысына өз құзыреті шегінде қатысуы керектігін атап өтті.

Бұл жұмыстың басты көрсеткіші құжаттардың саны емес. Біз жаңа геологиялық деректерге, технологиялық шешімдерге, тартылған қаржыға және болашақта өнеркәсіптік игеруге әрі Қазақстанда терең өңдеуге мүмкіндік беретін жобаларға қол жеткізуіміз керек, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Жобалық кеңсенің жұмысы кезең-кезеңімен бақылауда болады. Апта сайын жұмыс кеңесі өткізіліп, ай сайын облыс әкімінің бірінші орынбасарына есеп беріледі. Ал тоқсан сайын атқарылған жұмыстар облыс әкімі деңгейінде қаралады.

Тегтер: Жобалық кеңсеШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған