Ұлан ауданының Бозанбай ауылында саятшылар тойы басталды. Әйгілі Бүркіттөбеде I Азия кубогінің алауы жағылды, деп хабарлайды F16.kz.
Биыл Шығыс салбурынына 9 мемлекеттен және ел өңірлерінен 200-ден астам саятшы жиналды.
Дәл қазір іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Құсбегілер бүркітті қолға шақырып, шырғаға салады. Сарапшылар құсбегілердің ыңғайлы ықшам киімін, құрал-жабдығын, құстың күйі мен тұлғасын бағалайды.
Іріктеу кезеңінен кейін жартылай финалдық жарыстар басталады. Бұл кезеңде саятшылар құсты кептерге, далбайға салады.
Сағат 17:00-де жарыстар қорытындыланып, финалдық бәсекеде бақ сынайтын бүркітшілер іріктеледі.




