Облыс орталығында Гоголь көшесінде орналасқан үш қабатты үйден өрт шығып, 8 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды F16.kz.
Тұрғын үйдің шатыры өртенген. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар түтінге толған ғимараттан 8 адамды алып шықты.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 100 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ, — деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау керектігін ескертеді.




