Марқакөл ауданында масаң күйде экскаватор тізгіндеп, жеке үй аумағындағы электр кабелінің зақымдан жүрізуші ұсталды, деп хабарлайды F16.kz.
Марқакөл ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, жеке аумағындағы электр кабелінің зақымданғанын жеткізген. Оқиға салдарынан үйдегі электр жарығы өшіп қалған.
Полицейлер оқиғаға қатысы бар 44 жастағы ер адамды анықтады. Медициналық куәландыру оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Сонымен қатар тексеру барысында ер адамның 2025 жылы көлік құралдарын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылғаны белгілі болды. Тергеу мәліметінше, ер адам алдыңғы күні кешкі уақытта алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін экскаватор рөліне отырып, маневр жасау кезінде электр желісін зақымдаған, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару жүргізушінің өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндіретінін және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.




