Облыс орталығында жарықтандыру жүйесі мен телекоммуникациялық жабдықтарды бір құрылымға біріктіретін жаңа жоба жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
«Қос мақсатты тіректер» деп аталатын жоба көше жарығын қамтамасыз етумен қатар, мобильді байланыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
«Қос мақсатты тіректердің басты ерекшелігі – бір мезгілде екі міндетті атқаруында. Олар көшелерді жарықтандыруға және мобильді байланыс операторларының қажетті жабдықтарын орналастыруға арналған. Бұл телекоммуникациялық инфрақұрылымды тиімді ұйымдастырып, қала кеңістігін ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді жоба жетекшілері.
Жобаны облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы мен Beeline операторы бірлесе іске асырады. Өскеменде барлығы 9 қос мақсатты тірек орнату жоспарланған.
Қазір Белинский және Бажов көшесі осындай екі тірек жұмыс істеп тұр. Қала көшелеріне тағы 7 тірек алдағы уақытта орнатылады.




