Өскеменде әуесқой командалар арасындағы футболдан IV ашық республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған турнир 23-25 қазан аралығында «Восток» стадионында өтеді.
«Турнирдің мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, футболшылардың шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты нығайту», — дейді ұйымдастырушылар.
Командалар үш күнге созылатын жарыста өзара мықтыны анықтайды. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 800 000 теңге.
I орын – 1 000 000 теңге;
II орын – 500 000 теңге;
III орын – 300 000 теңге.




