Шығыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері көлік ұрлау және кісі тонау дерегіне қатысты үш қылмысты әшкереледі. Күдікті 37 жастағы өзге өңірдің тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды F16.kz.
Күдікті әуелі үй ауласында тұрған біреудің көлігін айдап кеткен. Кейін дүкендердің бірінің маңында бейтаныс адамға күш көрсетіп, ұялы телефоны мен 25 мың теңгесін тартып алған. Тағы бір үйдің ауласында біреудің телефонын, қолсағатын және бес мың теңгесін алып кеткен. Күдікті барлық жерде бірден ізін суытып үлгергенімен, көп ұзамай қолға түсті.
«Жедел іздестіру шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.




