Ертең, 17 қазанда, «Алтай» көтерме-сауда орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы облыс орталығына Риддер қаласының шаруалары арзан әрі сапалы өнім жеткізеді, деп хабарлайды F16.kz.
Кенді шаһардың жәрмеңкесінде 1,7 тонна сиыр еті, 2,5 тонна жылқы еті және 600 келі қой еті сатылымға шығарылады. Бұдан бөлек 40 келі ірімшік, 1800 дана жұмыртқа, 20 келі сары май, 250 келі қант, 100 бөтелке май және 50 келі шұжық өнімдері ұсынылмақ.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жәрмеңкедегі барлық өнім нарықтағы бағадан кемінде 15 пайызға төмен бағамен сатылады.




