F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскемендегі жол жұмыстарын облыс әкімі тексерді

F16 F16
20.10.2026, 10:08
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласының көшелерін аралап, жол жөндеу барысымен және жаңа тұрғын үй кешендері маңындағы абаттандыру жұмыстарының жай-күйімен танысты. Негізгі назар көлік қозғалысын жеңілдетуге, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға аударылды.

Алдымен Әлия Молдағұлова мен Халықтар достығы көшелерінің қиылысындағы жол құрылысы тексерілді. Мұнда Күлeнов кентінен Самар тасжолына шығатын қосымша жолдың құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа жол тұрғындардың қатынауын жеңілдетіп, әсіресе таңертең Әлия Молдағұлова көшесінде болатын кептелісті азайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта негізгі жұмыстар орындалып, асфальт төселген. Бордюрлерді орнату және іргелес аумақты ретке келтіру жұмыстары қалған.

Аймақ басшысы мердігерлерге құрылысты созбалаңға салмай, сапалы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ іргелес жол учаскелеріндегі шұңқырларды жөндеп, теміржол өткелдері арқылы көліктің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Қосымша жолдар көлік қозғалысын оңтайландырып, тұрғындардың жолға жұмсайтын уақытын қысқартуға көмектеседі. Сонымен қатар кептелісте тұрған көліктердің азаюы ауа сапасына да оң әсер етеді. Сондықтан жұмысты сапалы орындап, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Ауа райы мүмкіндік беріп тұрған кезде барлық кемшілікті жою қажет», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Қ.Сәтбаев даңғылының бойымен Самар тасжолына қарай салынған жаңа жолды қарап шықты. Бұл учаске де қаладағы көлік ағынын реттеуге және жол желісінің өткізу мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Жұмыс сапары барысында жаңа тұрғын үй кешендерінің айналасын абаттандыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бейбітшілік пен Қайсенов көшелерінің қиылысында орналасқан «Золотой квадрат» тұрғын үй кешені мен «Тұмар групп» компаниясының нысандары маңындағы жағдай қаралды.

Қалада жаңа көпқабатты тұрғын үйлердің салынуы тұрғын үй қорын кеңейткенімен, оған ілеспе инфрақұрылымды алдын ала жоспарлау қажеттігін де көрсетеді. Атап айтқанда, автотұрақтардың жеткіліктілігі, үйлерге кіріп-шығатын жолдардың қолайлылығы және аулалардағы қауіпсіз қозғалыс тұрғындардың күнделікті тұрмысына тікелей әсер етеді.

Осыған байланысты аталған аумақтағы тұрғын үй кешендері бойынша пәтер санын, жобада қарастырылған автотұрақ орындарын және іргелес жолдарға түсетін нақты жүктемені қамтитын толық ақпарат жинау тапсырылды. Жиналған мәліметтер негізінде полиция мен жауапты қызметтердің қатысуымен жеке кеңес өткізіліп, қалыптасқан жағдайды шешу жолдары қарастырылмақ.

Облыс әкімінің айтуынша, тұрғын үй құрылысы мен аумақты абаттандыру жұмыстары өзара сабақтас жүргізілуі керек. Жаңа үйлердің маңындағы жолдар, автотұрақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған кеңістік тұрғындардың қажеттілігіне сай ұйымдастырылуы тиіс.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге жол құрылысы мен абаттандыру жұмыстарының сапасын бақылауды күшейтіп, анықталған мәселелерді уақтылы шешу міндеттелді.

Тегтер: F16
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазавтожол шығысқазақстандықтарға ескерту жасады

Қазавтожол шығысқазақстандықтарға ескерту жасады

20.10.2026, 09:44
Оралхан Бөкей кітапханасында 10 жылда не өзгерді?

Оралхан Бөкей кітапханасында 10 жылда не өзгерді?

20.10.2026, 09:31
Өскемендік алты жасар оқушы халықаралық олимпиаданың финалына шықты

Өскемендік алты жасар оқушы халықаралық олимпиаданың финалына шықты

19.10.2026, 16:25
ШҚО әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

ШҚО әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

19.10.2026, 15:47

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендегі жол жұмыстарын облыс әкімі тексерді

20.10.2026, 10:08

Қазавтожол шығысқазақстандықтарға ескерту жасады

20.10.2026, 09:44

Оралхан Бөкей кітапханасында 10 жылда не өзгерді?

20.10.2026, 09:31

Өскемендік алты жасар оқушы халықаралық олимпиаданың финалына шықты

19.10.2026, 16:25

ШҚО әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

19.10.2026, 15:47

ШҚО ТЖД маманы Президент қолынан марапат алды

19.10.2026, 15:06

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

19.10.2026, 14:50

Есірткіге масаң күйде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды – ШҚО

19.10.2026, 12:55

Катонқарағайда алғаш рет қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

19.10.2026, 12:49

Шығысқазақстандық семсерлесушілер әлемдік додада топ жарды

19.10.2026, 10:07

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған