Шығыс Қазақстанда туризм саласында қызмет ететін мамандарды даярлау ісі жолға қойылды. Мәселен, өңірде мансап орталықтары арқылы «Туризм нұсқаушысы» мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқудан өту мүмкіндігі бар, деп хабарлайды F16.kz.
Қазір қысқа мерзімді кәсіби оқудан өткен төрт адам Катонқарағай ауданындағы туристік нысандар жұмыс істейді. Тағы алты адам білім алып жатыр. Облыстық туризм және инвестициялар басқармасының мәлімдеуінше, қараша айынан бастап қосымша жеті адамды оқыту жоспарда бар.
– Өңірде туризмді дамыту жұмыстары жалғасады. Инвестиция тарту, инфрақұрылымды жаңарту, көлік қатынасын жақсарту, байланыспен қамту және қауіпсіздікті күшейту сынды бағыттар бойынша жұмыс істейміз, – деді бейінді басқарма басшысы Ержан Сембинов облыс әкімдігінің отырысында.




