Өңірдегі танымал туристік орындардың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Бұл жөнінде туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов облыс әкімдігінің мәжілісінде айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Бейінді басқарма басшысының мәлімдеуінше, Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінде 20 шақырымнан астам жылу желісі ауыстырылып, ұзындығы 12 шақырым электр беру желісі салынды. «Көгілдір бұғаз» және «Жаңа Бұқтырма» қосалқы электр станциялары қайта жаңғыртылды.
Сондай-ақ электр энергиясы тапшылығы мәселесін шешу мақсатында инвесторлар қаражаты есебінен Катонқарағай және Марқакөл аудандарында 11 шағын су электр станциясын салу жоспарланып отыр.
Біз бұған дейін, өңірде мансап орталықтары арқылы «Туризм нұсқаушысы» мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқудан өту мүмкіндігі бар екенін жаздық.




