Облыс орталығында Республика күні қарсаңында «Казцинк» компаниясының қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін табыстау рәсімі өтті.
Ынтымақтастық туралы меморандум аясында осы тұрғын үйдегі бес пәтер дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне өтеусіз негізде беріледі. Бұл жөнін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Бұл бастама күн сайын тұрғындардың денсаулығын сақтау жолында еңбек етіп жүрген медицина мамандарын қолдауға қосылған маңызды үлес. Тұрғын үймен қамтамасыз ету – азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және қаланың дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген мамандар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам, – делінген ақпаратта.




