Өскеменде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған футбол турнирі басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл — әуесқой футбол командалары арасындағы IV республикалық ашық турнир.
Доп додасына сегіз өңірден команда келді. Жергілікті сегіз команда және бар. Жалпы саны 16 команда:
- Батыр (Өскемен)
- Өскемен (Өскемен)
- AQSUAT-ASSYLTAS (Семей)
- Өскемен ЖЭО (Өскемен )
- Өнер ( Өскемен)
- Статус ПВХ ( Глубокое ауд);
- Барыс ( Жетісу обл)
- RUH (Павлодар қ)
- Алматы ФК (Алматы қ)
- Әулие-Ата (Тараз)
- Qalqan (Өскемен)
- “Қызылорда” ФК (Қызылорда қаласы)
- “Түркістан” ФК(Түркістан қаласы)
- Алтай-2010 (Өскемен)
- “Арландар” ФК (Астана)
- Ұлан (ШҚО, Ұлан ауданы)
«Восток» стадионында жалауы көтерілген спорт бәсекеге екі күнге жалғасады.
Еске салайық, турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 800 000 теңге.
I орын – 1 000 000 теңге;
II орын – 500 000 теңге;
III орын – 300 000 теңге.




