Өскемендегі қоғамдық көліктерде жолақы өседі, деп хабарлайды F16.kz.
Қаланың ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, жолаушылар тасымалы шығындарының өсуіне байланысты жол жүру тарифі де өзгереді. Мамандар жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауын, автобустарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сақтандыру, салықтар мен коммуналдық қызмет шығындарының көбеюін тарифтің өсуіне негізгі себеп деп көрсетіп отыр.
Сонымен қатар кадрлардың жетіспеушілігінен тасымалдаушы компания қызметкерлерінің жалақысына жұмсалатын қаражат көлемі де арта түскен көрінеді.
Жол жүру тарифі 2027 жылдың басынан бастап өседі. Бір сапардың құны қолма ақшамен есеп айырысу кезінде 200 теңге, қолма-қол ақшасыз 120 теңге болады.
«Сараланған тарифті белгілеу жолаушылар үшін неғұрлым қолжетімді құнын сақтай отырып, қолма-қол ақшасыз төлем нысанын және жол жүруді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануды ынталандыруға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.




