Ұлан ауданында көлігі қар мен балшыққа батып қалған жолаушылар құтқарылды, деп хабарлайды F16.kz.
Айыртау мен Каменка ауылдарының арасындағы жолда тоқтап қалған көлікте екі ересек адам және бір бала болған. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, көлікті күре жолға сүйреп шығарыпты.
«Жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады», — деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Төтенше қызмет өкілдері сапар алдында ауа-райы мен жолдардың жай-күйін ескеру керек екенін еске салады. Егер жағдай қолайсыз болса, сапарды кейінге қалдырған жөн.




