Өскеменде полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі бейнежазба арқылы жол ережесін бұзғандарды тапты, деп хабарлайды F16.kz.
BMW маркалы көліктің жүргізушісі Сәтбаев даңғылымен келе жатып жолақ ауыстыру кезінде маневр жасау қағидасын бұзған. Ал жолаушы қыз көлік жүріп келе жатқанына қарамастан терезеден қолын сыртқа шығарған. Бейнежазбадан бұл әрекеттер анық көрінеді.
«Мониторинг нәтижесінде полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды анықтап, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берді. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның қасындағы жолаушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», — деп мәлімдеді полиция.




