Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» жобасы бойынша Шемонаиха ауданының түрлі бағыттағы іс-шаралары өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Жоба аясында Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық жетістіктері таныстырылады.13-14 қараша күндері білім беру семинарлары, қоғамдық форумдар, жастармен кездесулер, жергілікті тауар өндірушілердің көрмелері, жәрмеңке және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.
13 қараша
09:30 — «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы.
Өткізілетін орны: Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті.
Форум отбасы институтын нығайтуға, отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға, қоғам дамуындағы отбасының рөлін арттыруға арналады.
10:00 — «Инклюзивті білім беруді іске асыру кезіндегі білім беру процесін ұйымдастыруды басқару» семинар-практикумы.
Өткізілетін орны: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, бас ғимарат, № 218 аудитория (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34).
Қатысушылар инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуына жағдай жасау мәселелерін талқылайды.
10:00 — «Кітапхана – ұлттық мәдени құндылықтарды сақтаушы және насихаттаушы» әдістемелік семинары.
Өткізілетін орны: Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы (Космическая көшесі, 6/2).
Семинарға облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық кітапханалардың мамандары қатысады. Негізгі назар ұлттық мәдени мұраны сақтауға және балалар арасында кітап оқуды насихаттауға аударылады.
11:00 — «Жастарға мүмкіндік – аудан болашағы». Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және Шемонаиха ауданы әкімінің жастармен кездесуі.
Өткізілетін орны: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, бас ғимарат, № 111 аудитория (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34).
Жас мамандар мен студенттер жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен, кәсіби даму перспективаларымен және ауданның кадрларға деген қажеттілігімен танысады. Аудан әкімімен кездесу барысында жастар саясатына қатысты мәселелер талқыланады.
12:00 — «Ауыл мектебіндегі заманауи кәсіптік бағдар беру: кәсіби сынамалар, цифрлық және жасанды интеллект құралдары, жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың практикалық модельдері» семинар-практикумы.
Өткізілетін орны: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, ғылыми кітапхана, коворкинг орталығы (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34).
Қатысушылар оқушыларға кәсіптік бағдар берудің заманауи әдістерін, білім беру процесінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін қарастырады.
13:00 — «Тәуекел тобындағы оқушыларға жеке психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: қиындықтарды анықтаудан түзету жұмысының тиімділігін бағалауға дейін» тәжірибеге бағытталған семинар.
Өткізілетін орны: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, «Дана бала» орталығы, бас ғимарат (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34).
Семинар оқушылардың қиындықтарын ерте анықтауға, психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыруға және түзету жұмысының тиімділігін арттыруға арналады.
14:00 — «Белсенді ұзақ өмір сүру: қатысу және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері» практикалық кездесуі.
Өткізілетін орны: Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (Қазақстан даңғылы, 159/1).
Қатысушылар аға буын өкілдерін қолдау, бос уақытын ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және қарт адамдардың қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылайды.
18:00 – Жобаның басты оқиғасы – Шемонаиха ауданының шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама.
Көрермендер назарына ауданның мәдени дәстүрлері мен шығармашылық әлеуетін көрсететін музыкалық және хореографиялық қойылымдар ұсынылады.
Көрме экспозициясында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері, ауыл шаруашылығы жетістіктері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары, «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын іске асыру, «Заң мен тәртіп» қағидаты және жасанды интеллектіні дамыту бағыттары бойынша материалдар ұсынылады.
Іс-шараға облыс басшылығының, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл шаруашылығы құрылымдарының, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, бизнес қауымдастығының өкілдері, шығармашылық ұжымдар және Шемонаиха ауданының белсенді азаматтары қатысады.
14 қараша
08:00 – Шемонаиха ауданы өнімдерінің жәрмеңкесі және «Туған жер – алтын бесігім» концерттік бағдарламасы.
Өткізілетін орны: «Алтай» көтерме-тарату орталығының алаңы, Өскемен қаласы.
Жәрмеңкеде Шемонаиха ауданының өнімдері ұсынылады. Келушілер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.




