Елімізде жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты, деп хабарлайды F16.kz.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ірі су электр станцияларын қоса есептегенде ЖЭК-тің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 14,5 пайыз болды. 10,4 пайыздан 14,5 пайызға дейін артты немесе 9,5 млрд кВт·сағаттан 17,9 млрд кВт сағатқа дейін өсті.
Ал ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, бұл көрсеткіш 7 пайызға тең. Яғни 2025 жылы 0,6 пайыздан 7 пайызға дейін өсті. Бұл 536,5 млн кВт·сағаттан 8 693,6 млн кВт сағатқа дейін немесе 16 есе артты деген сөз.




