Оқыс оқиға Алтай қаласының Курчатов көшесі ауданы маңында болған, деп хабарлайды F16.kz.
2017 жылы туған бала батпақты жерде мұздың үстімен жүрмек болып, суға түсіп кеткен.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар баланы судан аман-есен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Суық суға түскен бала қатты тоңған. Бірден ауруханаға жеткізілді. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық, — деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
ТЖМ ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмай, су айдындары маңында ойнауға, серуендеуге рұқсат бермеу керектігін ескертеді.




