Үлкен Нарын ауданында 30 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүріп жатыр. «NNTR GROUP» ЖШС салып жатқан пәтерлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж азаматтарға берілмек. Бұл туралы Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары Нұртуған Маратұлы айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Айта кетейік, құрылыс жұмыстары 2026 жылдың мамыр айында қолға алынған. Жоспарға сәйкес, нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру желтоқсан айына жоспарланған.
Жаңа тұрғын үйдегі пәтерлердің жалпы ауданы 1 382,16 шаршы метрді құрайды. Жоба аясында барлығы 30 пәтер қарастырылған. Оның ішінде 12-сі – бір бөлмелі, ал 18-і – екі бөлмелі пәтер. Аталған тұрғын үйдің пайдалануға берілуі мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — дейді аудан әкімінің орынбасары.
Жалпы аудан бойынша жыл басынан бері 1823 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.




