F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тарбағатай ауданында ерекше балаларға арналған кабинет ашылды

admin_f16 admin_f16
31.03.2025, 14:00
Басты

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Тарбағатай ауданында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету кабинеті ашылды. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – ерекше балаларды жеке тұлға ретінде дамыту, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу және қажетті қолдау көрсету.

Жаңа орталық есту, көру, сөйлеу қабілеттерінде, тірек-қимыл жүйесінде, эмоционалды-ерік саласында және зердесінде бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген балаларға түзету-дамыту көмегін ұсынатын болады. Сонымен қатар, балалардың оңалту және әлеуметтік бейімделу процестерін жетілдіру, кешенді зерттеу жүргізу және жеке дамыту бағдарламаларын әзірлеу басты міндеттердің қатарында.

Мекемеде педагог-психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру және музыкалық ырғақ мамандары жұмыс істейді. Балаларға тегін психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетіледі.

— Ерекше балалар – қоғамның толыққанды мүшелері. Олар үшін қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. «AMANAT» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында осындай бастамаларды әрдайым қолдап келеді. Бұл орталық ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналары үшін үлкен көмек болмақ. Енді олар алысқа бармай-ақ, өз ауданында қажетті түзету-дамыту қызметтерін ала алады. Бұл – қоғамның инклюзивті дамуының нақты көрсеткіші, – деді «AMANAT» партиясының Тарбағатай аудандық филиалының төрағасы Асқар Боғырбаев.

Орталықта әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бөлмесі, Монтессори әдістемелік кабинеті, тұзды бөлме, емдік дене шынықтыру залы, ырғақты музыка, психолог, дефектолог, логопед кабинеттері толық жабдықталып, пайдалануға берілді.

— Біздің басты мақсатымыз – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сапалы түзету-педагогикалық қолдау көрсету. Әр баланың жеке даму бағдарламасы әзірленіп, оған кәсіби мамандар көмектеседі. Сонымен қатар, ата-аналарға да қажетті кеңес пен әдістемелік қолдау көрсетіледі. Біздің мекеме заманауи жабдықтармен қамтылған, әр маман өз ісінің білікті маманы. Бұл орталықтың ашылуы – Тарбағатай ауданының ерекше балалары үшін үлкен мүмкіндік, – деп атап өтті «Тарбағатай ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ меңгерушісі Айжан Оразғалиева.

Қазіргі таңда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша орталыққа 117 бала жолданған, оның ішінде 61 бала ата-аналарының өтініші негізінде тұрақты түрде қызмет алуда. Сабақтар қазақ тілінде жүргізіліп, жеке және топтық форматта өткізіледі. Оқыту ұзақтығы баланың жас ерекшелігіне қарай 35-45 минут аралығында өтеді.

Жергілікті тұрғындар бұл бастаманың маңыздылығын ерекше атап өтті. Аудан тұрғыны Арайлым Кеңесханова орталықтың ашылуы бала тәрбиесінде айтарлықтай көмек болғанын айтады:

— Менің баламның сөйлеуінде кешігулер болды, әлеуметтік ортаға бейімделуде қиындықтар көрдік. Бұрын қажетті мамандарға қаралу үшін қалаларға баруға тура келетін. Қазір, шүкір, өз ауданымызда осындай орталық ашылып, білікті мамандар балалармен жұмыс істеп жатыр. Бірнеше айдың ішінде баламның тілінде айтарлықтай өзгерістер бар, өзіне деген сенімі артты. Ең бастысы – балам осында қуана келеді. Бізге осындай мүмкіндік берген барша мамандарға және осы істі қолдаған азаматтарға үлкен алғысымды білдіремін, – деді ол.

Тарбағатай ауданында ашылған бұл түзету кабинеті ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін маңызды мекеме болмақ. Ол балалардың әлеуметтенуіне, дамуына және сапалы білім алуына ықпал етеді. Бүгінде ерекше балаларға қамқорлық көрсету – ел дамуының басым бағыттарының бірі. Мұндай орталықтардың ашылуы – қоғамның әлеуметтік жауапкершілігінің жоғарылағанының айқын көрінісі.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

350 үй, 150 киіз үй дайын: Катонқарағайда дайындық қызу

350 үй, 150 киіз үй дайын: Катонқарағайда дайындық қызу

18.06.2026, 16:29
Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға тағы 9 жоба енгізілген – ШҚО

Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға тағы 9 жоба енгізілген – ШҚО

17.06.2026, 17:29
Мал шаруашылығын субсидиялау мәселесі қайта қаралады – ШҚО әкімі

ШҚО-да 2030 жылға қарай ірі қара мал басын 53 пайызға арттыру жоспарланған

17.06.2026, 16:01
ШҚО-да музейлер мен спорт туризмін дамытуға ден қойылмақ

ШҚО-да музейлер мен спорт туризмін дамытуға ден қойылмақ

17.06.2026, 10:43

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың шарттары және тәртібі туралы ақпараттық хабарлама

09.07.2026, 18:28

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған