Облыс орталығына бұл жолы сенбілік жәрмеңке Алтай ауданынан келеді.
Шаhар тұрғындары «Алтай» көтерме-тарату орталығында (Жібек жолы көшесі, 44) өтетін жәрмеңкеде Алтай ауданы мен Өскемен қаласы кәсіпкерлерінің ет, сүт өнімдерін, жеміс пен көкөністі нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен ала алады.
Жыл басынан бері облыстың қала мен аудандарында 182 жәрмеңке өткізіліп, 664,2 млн. теңге ауылшаруашылық өнімдері сатылды.
Фото: gov.kz