F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Астанадағы II Орталық Азия медиафорумынде өзекті мәселелер талқыланып жатыр 

admin_f16 admin_f16
16.04.2025, 16:00
Жаңалықтар

Бүгін, 16 сәуірде Астанада «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» атты II Орталық Азия медиафорумы басталды. Екі күнге созылатын форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдерден 700-ден астам делегат қатысып жатыр, деп хабарлайды F16.kz “Қазақпарат” халықаралық агенттігіне сілтеме жасап.

Алқалы жиында Орталық Азия елдерінің ақпарат құралдары үшін жаңа даму мүмкіндіктері мен ынтымақтастық мәселелері, жаһандық медианың дамуы, болашақтың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, жасанды интеллект және медианың цифрлық трансформациясы, сондай-ақ мемлекеттің имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі қатарлы тақырыптар талқыланады.

ОРТАҚ ТЕЛЕАРНА

Форумда сөз сөйлеген еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Орталық Азия қазір Еуропа мен Азия арасындағы сенімді көпір әрі транзиттік хаб ретінде ғана емес, зор инвестициялық, сауда-экономикалық, туристік және мәдени-гуманитарлық әлеуеті бар ауқымды орталық ретінде қарастырылатынын атап өтті.

Орталық Азия көшбасшылары деңгейінде ақпараттық саладағы ынтымақтастықты жандандыру мәселесі бірнеше рет талқыланғаны мәлім. Былтыр Астанада өткен консультативті кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен медиаөнімдерді жасау бастамасын көтерді. Қазақстан Орталық Азияның ортақ телеарнасын құру және аймақтық әлеуетті осы аумақта тұратын халықтардың достығы мен бірлігі туралы хабардар ететін тележобаларды және халықтарымыздың тарихи мән-ерекшелігі туралы танымдық телерадиобағдарламалар топтамасын дайындау идеясын қолдады. Бүгінгі кездесуімізде осы мәселеге мұқият тоқталып, Silk Way телеарнасының жұмысына бірлескен контент дайындау бойынша нақты шешімдерді қабылдадық, − деді Аида Балаева форумның ашылуында.

ЖАЛҒАН АҚПАРАТПЕН КҮРЕС

Форумда талқыланған тағы бір тақырып –Орталық Азия журналистерінің арасындағы ынтымақтастық. Осы орайда Қазақстан мен Өзбекстан алдағы уақытта журналистерге арнап тренингтер мен семинарлар өткізуге, жас мамандарды қолдау көрсетуге, жалған ақпаратпен бірлесіп күресуге уағдаласты.

Сондай-ақ тараптар тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстарды дамыту мақсатында екі елдің журналистері үшін баспасөз турларын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Болашақта бұл бастамаға Орталық Азияның барлық елін тарту көзделіп отыр.

Масс-медианы дамытуда соңғы трендтерді ескере отырып, Орталық Азияның барлық елі үшін ортақ проблемалардың бірі — әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде анық емес ақпаратты, әртүрлі жалған ақпарат пен арандатушылық сипаттағы хабарламаларды тарату. Фейктерге қарсы күресте «Stopfake.kz» қазақстандық жобасы сәтті жұмыс істеп келеді, – деді Аида Балаева.

КРЕАТИВТІ ХАБ, БАҚ СЫЙЛЫҒЫ

ІІ Орталық Азия медиафорумында журналистерге қатысты Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан бірқатар ұсыныс айтылды. Атап айтқанда:

·      елдердің ғылыми және білім беру әлеуетін біріктіре отырып, Орталық Азия журналистика академиясын құру;

·      жастардың дарынды өкілдері үшін шығармашылық орталығы болуды көздейтін Орталық Азия креативті хабын құру;

·      үздік жұмыстарды атап өтуге және лайықты журналистер мен контентмейкерлердің еңбегін тануға мүмкіндік беретін журналистика саласындағы Орталық Азия сыйлығын тағайындау;

·      «Біздің адамдар» тележобасын іске қосу, ол арқылы қоғамның ең лайықты өкілдері, тұратын еліне және қарым-қатынас тіліне қарамастан, жастарды шабыттандыратын және оларға өнеге болатын тұлғалар туралы әңгімелейді;

·      Наурызға арналған телекөпір ұйымдастыру, елдерге ортақ мереке күндері біріге түсуге мүмкіндік береді;

·      бауырлас елдердің телеарналары үшін телеөнімдерді қолжетімді ету, сериалдар және өзге де өнімдер үшін ең төменгі төлемді белгілеу немесе оны мүлдем алып тастау;

·      бірлескен туризм мен инвестицияны танымал етуге бағытталған бірлескен контенттің көлемін ұлғайту;

·      биыл күзде «Мипком» (MIPCOM) телеөнімдерінің ең танымал көрмесінде «Central Asia» брендімен бірыңғай алаң ұсыну;

·      телеарналар Орталық Азия елдеріндегі әріптестерінің өтінімдері бойынша түсірілімдерді өтеусіз негізде жүзеге асыратын алаң құру, бұл шетелдік тілшілер пункттерін ұстауға арналған шығыстарды азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ІІ Орталық Азия медиафорумы ертең, 17 сәуірде жалғасады. Астанаға жиылған Орталық Азияның медиа мамандары форумда бүгінгі таңдағы БАҚ саласының өзекті мәселелерін талқылап, өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салып жатыр.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Белоусовкадағы «Жайлы мектеп» жаңа оқу жылында толыққанды жұмыс істейді

Белоусовкадағы «Жайлы мектеп» жаңа оқу жылында толыққанды жұмыс істейді

26.06.2025, 17:36
Жасанды интеллект арқылы 285 қылмыскер ұсталды

Жасанды интеллект арқылы 285 қылмыскер ұсталды

26.06.2025, 16:00
ІІМ алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолын көрсетті

ІІМ алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолын көрсетті

26.06.2025, 15:23
ШҚО-ның май зауыттары жергілікті өніммен жартылай ғана қамтылған

ШҚО-ның май зауыттары жергілікті өніммен жартылай ғана қамтылған

26.06.2025, 15:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Белоусовкадағы «Жайлы мектеп» жаңа оқу жылында толыққанды жұмыс істейді

26.06.2025, 17:36

Жасанды интеллект арқылы 285 қылмыскер ұсталды

26.06.2025, 16:00

ІІМ алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолын көрсетті

26.06.2025, 15:23

ШҚО-ның май зауыттары жергілікті өніммен жартылай ғана қамтылған

26.06.2025, 15:00

Туризмнің тізгіні Сембиновке сеніп тапсырылды

26.06.2025, 14:07

F16.kz редакциясы марапатталды

26.06.2025, 13:44

Экономика басқармасына жаңа басшы тағайындалды – ШҚО

26.06.2025, 13:23

«Басыңызбен жауап бересіз!»: ШҚО әкімі ауызсу мәселесіне ерекше назар аударды

26.06.2025, 12:57

ШҚО-да қолданысқа берілген ауызсу желілері әлі күнге иесіз тұр

26.06.2025, 12:17

Халықтың сеніміне кері әсер етеді: ШҚО-да талапқа сай ветеринарлық пункттер жетіспейді

26.06.2025, 11:50

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған