2025 жылдың соңына дейін елімізде жедел жәрдем дәрігерлері бейнежетондармен жабдықталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырсынан кейінгі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Ведомство басшысы дәрігерлерді бейнежетонмен қамтамасыз ету жедел жәрдем мамандарын дөрекі әрекеттерден қорғау үшін енгізілетінін атап өтті.
Осы орайда елдегі санитариялық автокөліктерді GPS навигациясымен жабдықтау 100 пайызға жеткенін айта кету керек.
Фото: F16.kz