Еліміздегі алғашқы АЭС құрлысын ресейлік «Росатом» корпорациясы жүргізетіні белгілі болды. Ал атом электр станциясын қытайлық корпорация салуы мүмкін екені айтылған. Алайда ҚР Атом энергиясы агенттігінің мәліметіне сүйенсек, әлі түпкілікті шешім қабылданған жоқ, деп хабарлайды F16.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
«Росатом» компаниясы Қазақстанда бірінші АЭС құрылысы бойынша «China National Nuclear Corporation» ұсынысынан аздаған басымдықпен озып кетті. Атап өтерлігі, екінші АЭС бойынша шешім әлі қабылданған жоқ. Бірақ, қытайлық компанияның ұсынысы аталған жоба үшін қарастырылып жатыр, — деді агенттік өкілі.
Агенттік тиімді халықаралық консорциум құру аясында шорт-парақ қатысушыларының бәрімен диалог жүргізілгенін атап өтеді. Бұл диалог алдағы уақытта жалғасады.
Қазақстан болашақ энергетикасын салады және бұл жүйеде түрлі технологиялық шешімдерге орын табылады. Қазіргі уақытта шорт-парақтағы өзге де компаниялармен басқа АЭС және сервис пен техникалық қызмет көрсету, оқшаулау мен ядролық-отын циклі сынды аралас бағыттар бойынша ынтымақтастықтың түрлі нұсқалары қарастырылып жатыр. Екінші АЭС бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін коммерциялық келіссөздерді аяқтау қажет, — деді ведомстводан.