Алдағы үш күнде солтүстік-батыс циклоны әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы қалыптасады, деп хабарлайды F16.kz.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 17-19 маусым аралығында кей өңірлерде найзағай, жаңбыр және екпінді жел болуы мүмкін.
Шығыста түнде ауа температурасы 17-25 градусқа дейін көтеріледі, күндіз күн райы 35-39 градусқа дейін жетеді. 19 маусымда жекелеген аудандарда ыстық 40 градусқа дейін жетеді, — дейді Қазгидромет.
Республиканың басқа өңірлерінде 39-42 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.