F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО делегациясы Қытайдағы цифрлық технологиялар форумына қатысып жатыр

F16 F16
17.06.2025, 15:47
Жаңалықтар
ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Қытай Халық Республикасының Қарамай қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің цифрлық технологиялар саласындағы даму және ынтымақтастық форумы басталды. Форумға Шығыс Қазақстан облысының делегациясы қатысып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.

ШЫҰ-на мүше елдердің үздік сарапшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпкерлер мен ғалымдар бас қосқан жиында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, цифрлық трансформацияның болашағын талқылайды.

Қазақстандық делегация құрамында білім беру саласының өкілдері, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлері, кәсіпкерлер, IT-компания басшылары, саяси партиялардың және медиа қауымдастықтың өкілдері бар.

Делегация жетекшісі, «Атамекен» ҰКП ШҚОФ жанындағы туризм кеңесінің төрағасы Сымбат Рамазановтың айтуынша, бұл форумға қатысу Шығыс Қазақстанда және тұтастай елде цифрлық бастамаларды одан әрі дамыту үшін үлкен мүмкіндік береді.

Бұл форум барлық қатысушыларға тың серпін беретініне сенімдімін. Өйткені мұнда ШЫҰ елдеріне арналған ақпараттық технологияларды дамыту мәселелері қарастырылады. Форумда ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік органдар, министрлер жиналып, жаңа цифрлық шешімдерді іске асыру мен қолдану бойынша пікірталас болады. Біз баяндамашылардың сөзінен өзге елдерде қандай жобалар жүзеге асырылып жатқанын білеміз, — деді Сымбат Рамазанов.

Форум бағдарламасы үш күнге жоспарланған және онда цифрлық дамудың басты бағыттарына арналған тақырыптық сессиялар өтеді. Атап айтқанда, жасанды интеллект, бұлтты есептеулер, есептеу инфрақұрылымын құру, сондай-ақ цифрлық технологияларды экономиканың әртүрлі саласы мен мемлекеттік басқаруға интеграциялау мәселелері қамтылады.

Форумға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Тәжікстаннан делегаттар келді.

Қытай-ШЫҰ форумы тәжірибе алмасу, серіктестік байланыстар орнату және цифрлық трансформация саласындағы бірлескен шешімдерді әзірлеу алаңы болады деп отыр мамандар. Нәтижесінде жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жаңа бастамалар мен жобалар ұсынылмақ.

Бірлескен ақпараттық платформаларды құру, бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыру және үлкен деректерді пайдалану арқылы экономиканың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты кеңейту ең маңызды басымдықтар болады, — деді форумның ашылуында сөз сөйлеген ҚХР өнеркәсіп және ақпараттандыру вице-министрі Сюн Цзицзюнь.

Сондай-ақ форумға Қытайдың түрлі мемлекеттік құрылымдарының жоғары лауазымды өкілдері қатысты.

Тегтер: Top
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған