Хоккейден Қазақстан құрама командасы Ислам елдерінің III халықаралық турнирінде «Татнефть» кубогының иегері атанды, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов ел намысын қорғаған спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Ислам елдері хоккейін дамыту ұйымы ұйымдастырған турнир Татарстан астанасы Қазан қаласында өткен. Халықаралық турнирде Қазақстан, Татарстан, Бахрейн, Иран, Қырғызстан, Ливан, Оман және Өзбекстан елдерінен 8 әуесқой ерлер командасы қатысты.
Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, нәтижесінде «А» тобының чемпионы болды. Ал біздің жерлесіміз Алексей Зубов турнирдің үздік ойыншысы атанды. Аталмыш хоккей турнирі соңғы жылдары дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылар келер жарысты басқа елде өткізуді жоспарлаған. Ал біз турнирдің Өскеменде өту мүмкіндігін қолдаймыз. Мұндай спорттық шараларды елімізде өткізу спортты және халықтар арасындағы достықты арттыруға септігін тигізері анық, — деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы споршыларға халықаралық турнирді ұйымдастыру және қалада мұз сарайын салу ұсынысын қарастыруға уәде берді.