Шығыстағы туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі – Ұлан ауданы. Соңғы жылдары аудандағы туризм саласын дамыту жолға қойылып, рекреациялық аумақтарды дамыту жоспары әзірленді, деп хабарлайды F16.kz.
Оның аясында Дубығалы, Айыр, Шыбындыкөл көлдеріндегі муниципалды жағажайды абаттандыру, «Багратион» пантотерапиясының қосымша 40 төсек-орындарын ұлғайту, демалыс базаларын салу бойынша жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ Бозанбай ауылының Бүркіттөбе алаңын, Абылай, Ақбауыр археологиялық кешендерін абаттандыру да көзделген.
Шыбындыкөлдің жағасында жаңа демалыс базасы салынады. Ол үшін 250 миллион теңге инвестиция құйылған. Инвестор — «QaiMak Resort» ЖШС. Құрылыс жұмыстары жоспар бойынша қазан айында аяқталуы керек, — дейді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Лязиза Кенжетаева.
Сондай-ақ туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Шыбындыкөлдің жолы жөнделмек. Ол үшін облыс бюджетінен 200 миллион теңге қаржы бөлінген.
Демалыс орны орманды жерде орналасқандықтан оған жол салудың өзіндік қағидалары бар. Қазір сонымен жұмыс жасап жатырмыз. Белгілен қаржы түскеннен кейін жұмыстар басталады, — деді аудан әкімінің орынбасары.
Айта кетейік, былтыр Ұлан ауданына 13,8 мың турист келген. Одан түскен кіріс 261,6 млн теңгені құрайды.