Шығыстың бас шаһарында алғаш рет мүгедектігі бар спортшылар арасында үстел теннисінен VII республикалық спартакиада басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Жарыс 23 маусым күні басталған, бүгін және ертең споршылар жекелей ойындарда сынға түседі. 27-28 маусым аралас жұптық ойындарда бақ сынап, өзара кіл мықтыны анықтамақ. Ал 29 маусым күні жеңімпаздар марапатталады.
Айта кетейік, спартакиадаға Қазақстанның 17 облысынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген 200-ден астам спортшы қатысып жатыр.