Биыл Тарбағатай ауданында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жергілікті тұрғындармен кездесуде айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Биыл Ақжар ауылында 100 млн теңгеге темір-бетон бұйымдарын шығаратын жаңа цех пен 700 млн теңгеге сауда нысандарын салу, Тәуке ауылында 300 млн теңгеге асфальт-бетон зауытын, Байтоғас ауылында 166 млн теңгеге балық өңдеу цехын және Зайсан көлінің жағасында 100 млн теңгеге туристік-рекреациялық аймақ дамыту, Тұғыл ауылында 40 млн теңгеге балық ыстау цехын ашу, Жетіарал ауылында 94 млн теңгеге жем-шөп дақылдары мен көкөніс өсіруге арналған жаңбырлатып суару кешенін орнату жобасын іске асыру көзделіп отыр. – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, бүгін, 28 маусымда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Тарбағатай ауданында жүр.