«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Республиканың басым бөлігінде тағы аптап ыстық болуы ықтимал, деп хабарлайды F16.kz.
1 шілде, яғни ертең облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнауы, жел соғуы мүмкін,
Өскеменде де найзағай ойнап, бұршақ жауады. Десе де, апта соңында ауа температурасы қайта көтеріліп, күн ысиды, — дейді синоптиктер.
Термометр бағаны күндіз оңтүстік-шығыста 35-39 градус, орталықта 35-38 градус, оңтүстікте 40-44 градус, елдің солтүстігінде 30-35 градус қатты ыстықты көрсетеді.
ШҚО ТЖД мамандары өңірде өрт қаупі сақталатынын еске салып, сақтық шараларын қатаң сақта керектігін еске салады.