Құтқарушылар жанып жатқан пәтерден 5 адамды құтқарды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға Шаяхметов көшесіндегі көпқабатты үйден шыққан.
Бес қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық техника отқа оранды.
Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 5 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, көрші пәтерлерден 10 адамды эвакуациялады, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
ШҚО ТЖД құтқарушылары 25 шаршы метрге шарпыған өртті ауыздықтап үлгерді.




