ШҚО-да алдағы күндері 40-42 градусқа дейін аптап ыстық болады, деп хабарлайды F16.kz.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, өңірде ертеңнен бастап 5 шілдеге дейін аптап ыстық қайталануы мүмкін.
ШҚО ТЖД мамандары өрт қаупі сақталатынын, өңір тұрғындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін ескертеді.
Қатты ыстықта, әсіресе, сағат 11.00-ден 17.00 аралығында мүмкіндігінше үйде болған жөн. Суға түсуге тек рұқсат етілген жерлерге, абаттандырылған жағажайларға барыңыз. Су айдынында балаларды қараусыз қалдырмаңыз, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.




