6 шілде күні Қ.Қайсенов атындағы саябақта Астана күні мен Ұлттық домбыра күні аясында «Шығыс кәдесыйы» облыстық фестиваль-байқауы өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Шара барысында жергілікті қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан тұскиіздер, сырмақтар, ши тоқу, ою салынған және боялған тұрмыстық заттар, киізден жасалған киімдер, былғарыдан жасалған аксессуарлар, тас пен металдан жасалған зергерлік бұйымдар жәрмеңкесін тамашалауға болады.
Сондай-ақ бағдарламада мерекелік концерт, шеберлік сабақтар, дизайнерлік киімдер мен ұтыс лотореясы да бар.
Фестиваль соңында «Шығыс кәдесыйы – 2025» облыстық байқауының жеңімпаз қолөнершілері марапатталады.
Шара 6 шілде күні 11.00-де басталды.




