Ана мен бала орталығына дәрігердің қабылдауына барғанда жеке басыңызды растау үшін жаңа жүйе іске қосылды, деп хабарлайды F16.kz.
Face ID жүйесі келушілерді автоматты түрде танып, қабылдауға тіркейді.
Айта кетейік, биыл еліміздегі денсаулық сақтау нысандарында есепке алудың ашықтығын арттыру және тіркеуді болдырмау үшін жаңа технология қолданыла бастаған.
Орталыққа жүгінген адам ID жүйесін пайдаланғыңыз келмесе, eGov Mobile (Kaspi, Halyk, Forte) қосымшаларын қолдануға да мүмкіндік қарастырылған. Ол үшін «Цифрлық құжат» сервисінде «Қол жеткізуді ашу» деген батырманы басып, генерацияланған алты кодты дәрігерге хабарлайсыз және сәйкестендіру жүргізілгеннен кейін жеке куәлігіңізді көрсетесіз. Бұл ретте сіздің жеке деректеріңіз фото сәйкестендірілгеннен кейін дереу жойылады.




