Ертең Шығыс Қазақстанның кей аудандарында жауын-шашын, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды F16.kz.
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпаратына сүйенсек, 5 шілде күні облыстық солтүстігінде, шығысында күн райы бұзылуы ықтимал.
Күндіз найзағай ойнып, жаңбыр, бұршақ жауады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан екпіні 25 м/с жел соғуы мүмкін. Облыс бойынша күндіз 35-37 градус аптап ыстық сақталады, — дейді синоптиктер.
Сондай-ақ облыстық оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. ШҚО ТЖД мамандары тұрғындардан сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.