F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тамшылатып суару: Күршімдік диқандар жаңа технологияның артықшылығын көре бастады

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
14.07.2025, 16:35
Агросектор, Басты, Жаңалықтар, Күршім, Экономика
Тамшылатып суару: Күршімдік диқандар жаңа технологияға бет бұра бастады

Фото: Мерей Қайнарұлы

Күршім ауданындағы шаруалар су үнемдейтін жаңбырлатып суару әдісіне бет бұра бастады. Бұрын арық арқылы егісті суарып келген диқандар енді заманауи технологияның игілігін көруде, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

 

1 - 10
- +

ЖАҢА КӨПІР – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР 

Әлбетте, бұған былтыр пайдалануға берілген Бұқтырма көпірі де едәуір септігін тигізгені рас. Өнімді сыртқа шығару, сондай-ақ техника мен құрал-жабдықтарды жеткізу айтарлықтай жеңілдеген. Бір сөзбен айтқанда, жаңа көпір жаңа мүмкіндіктер сыйлады.

Айта кетейік, 2023 жылы Күршімде жаңбырлатып суару әдісі тек 9 гектар алқапта қолданылса, былтыр бұл көрсеткіш 75 гектарға, ал 2025 жылы 230 гектарға жетті. Жергілікті аграршылардың айтуынша, бұл – соңғы жылдардағы ең үлкен серпіліс.

«ҚАЙТАРЫМЫ БОЛАДЫ», ДЕЙДІ ДИҚАНДАР 

Мұрат Бикеновтың бақша шаруашылығымен айналысып жүргеніне 20 жылдан астам уақыт болған. Ол соңғы жылдары ауданда ауылшаруашылық саласына серпін берерлік ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтады.

– Бұл кәсіпке 1993 жылы әскерден келген бойда ден қойдым. Содан бері осы салада еңбек етіп келеміз. Биыл алғаш рет 7 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін қолдандық. Бұрын 9 гектар жерге егін салатынбыз, бірақ бұл жолы жаңа технология арқылы өнім көлемін ұлғайтуды көздеп отырмыз, – дейді кәсіпкер.

Ол жаңа жүйені орнату үшін несие алып, жеке қаржысын да жұмсағанын жасырмайды. Бірақ болашақта қайтарымы болатынына сенеді. Өйткені, бұл әдістің бірнеше артықшылығы бар.

Жаңбырлатып суару кезінде судың ысырап болуы азайып, арамшөптің өсуі тежеледі. Бұрынғы арық жүйесінде судың көп бөлігі далаға кетіп, артық жұмыс күші қажет болатын. Ал жаңа әдіс – тиімді, әрі еңбек шығынын азайтады.

– Жаңа технологияны енгізу үшін біраз шығындалдық, бірақ болашақ үшін бұл – тиімді инвестиция. Жұмыс жеңілдеді, су да үнемделеді, – дейді бұл жайында Мұрат Бикеновтың өзі.

БИЫЛҒА БОЛЖАМ ҚАНДАЙ?

Жоғарыда жазғанымыздай, Бұқтырма көпірінің ашылуы Күршім ауданын негізгі жолмен тікелей байланыстырып, өңірдің аграрлық саласына айтарлықтай ықпал етті. Бұрын тауар тасымалы мен техниканы жеткізу қиын әрі қымбат болса, қазір бұл мәселе де шешімін тапқан.

Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша, алдағы жылдары жаңбырлатып суарылатын алқап көлемі айтарлықтай ұлғаяды. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау да көрсетілуі мүмкін.

Күршім диқандарының жаңа технологияға көшуі – ауыл шаруашылығын жаңғырту жолындағы нақты қадам. Су тапшылығы өзектілігін жоймай тұрған заманда бұл тиімді әрі болашағы зор шешім болғаны сөзсіз.

Тағы бір айта кетерлік жайт, биыл Күршім ауданында бақша егістігінің жалпы көлемі 587 гектарға жетіп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 104,3 %-дық өсімді көрсетіп отыр. Оның ішіндегі 522 гектары 48 шаруа қожалықтарына тиесілі болса, қалған 65 гектары жеке қосалқы шаруашылықтар үлесіндегі жерлер екен.

– Өнімділікке келер болсақ, ағымдағы жылы бақша дақылдарының гектарынан орта есеппен 252 центнер өнім алынады деп болжануда. Жалпы биыл 14 792,4 тонна өнім жиналады деп күтіліп отыр, – деп хабарлайды аудан әкімдігінен.

Тегтер: TopБау-бақша шаруашылығыКүршімТамшылатып суару
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырады

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырады

15.08.2025, 09:59
Қазақстан тауына аспалы жол салынады: Өскемен әкімдігі іске кірісті

Қазақстан тауына аспалы жол салынады: Өскемен әкімдігі іске кірісті

15.08.2025, 09:35
ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

14.08.2025, 18:09
Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

14.08.2025, 17:52

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әуесқой командалар арасында футбол жарысы өтеді – Өскемен

15.08.2025, 10:32

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырады

15.08.2025, 09:59

Қазақстан тауына аспалы жол салынады: Өскемен әкімдігі іске кірісті

15.08.2025, 09:35

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

14.08.2025, 18:09

Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

14.08.2025, 17:52

Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

14.08.2025, 17:18

Басқарма басшысы туризмге тұсау болған негізгі проблемаларды атады – ШҚО

14.08.2025, 16:45

ШҚО-да казино ойындарын жарнамалаған блогерлер анықталды

14.08.2025, 16:22

Ертең жаңбырдың соңы бұршаққа айналуы мүмкін – ШҚО

14.08.2025, 15:28

Марқакөлдің жағасында қандай туристік жоба жүзеге асырылатыны белгілі болды

14.08.2025, 15:13

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған